CRIST
Жоба жайлы

Ғарыштық технологиялар саласында оқу жоспарларын реформалау

1. Жалпы мақсаты.

Ғарыштық технологиялар саласындағы жаңа, өзгертілген жоғарғы білім беру оқу бағдарламасын халықаралық қатынастар негізінде құру және енгізу.

2. Ерекше (нақтылы) мақсаттар.

2.1. «Ғарыштық микро- және наноспутниктерді жобалау және қолдану» бағытындағы бакалаврдың/маманның төрт жылдық оқу бағдарламасын бірігіп Лиссабондық стратегия мен Балондық процесс принциптеріне сәйкес құру және енгізу.
Екі оқу курсы:

  • Микро- және наноспутниктер.
  • Ғарышқа арналған байланыс.


Оқу модульдері (студенттерді оқыту және аэроғарыштық өнеркәсіптің қызметкерлерінің мамандық деңгейін жоғарылату үшін):

  • Микроспутниктерді жердегі станциялардың үйлестірілген желісі арқылы басқару
  • Микроспутниктерді электржүйелерімен қоса CAD/CAM/CAE жобалау

 

Білім беру процессіне құрып, енгізу:

  • жаңа бірлескен білім беру құралы ретіндегі кішкене спутниктерді жерден басқарудың оқыту станцияларының жүйесі
  • микроспутниктердің оқыту зертханалары, (СAD/CAM/CAE) жобалық және конструкторлық жұмыстардың компьютерлік сыныптары.


2.2. Бакалаврдың/маманның «Аэроғарыштық өнеркәсіптің менеджменті» бағыты бойынша жаңа оқу бағдарламасын бірігіп құру және енгізу.
Білім беру курсы:

  • «Аэроғарыштық өнеркәсіптің менеджменті».


Оқу модульдері (студенттерді оқыту және аэроғарыштық өнеркәсіптің қызметкерлерінің мамандық деңгейін жоғарылату үшін):

  • Халықаралық бизнес және басқару
  • Халықаралық маркетинг. Ғаламдану. Логистика менеджменті

 

Білім беру процессіне құрып, енгізу:

  • бизнес-процесстерді сараптау және жоспарлау саласындағы, ақпараттық технологиялардың жаңа компьютерлік сыныптарын және жаңа оқу құралдарын беру.


2.3. Университеттердің еңбек нарығымен байланысының және координациясының жаңа құрылымы ретінде және білім беру жүйесінің жетілдіру құралы ретінде, Аймақтық координациялық-технологиялық бюролар желісін құру және енгізу.
2.4. Модернизацияланған (жаңа) білім беру курстары мен модульдеріне (ECTS) еуропалық кредиттер жүйесін енгізу.
2.5. Оқытушылар мен студенттердің мобильділігін, оқытушылардың кәсәптәк деңгейін жоғарылату, ең жақсы тәжірибені тарату мақсатымен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және екі жақты мобильділік негізінде ынтымақтастықты дамыту.
2.6. Ең жақсы тәжірибені тарату және үйренуге арналған әкімшілік қызметкерлердің мобильдігі

Жұмыс жоспарының негізгі белсенділіктері

Жобаның бірінші жылы

Жаңа оқу курстарын құру, мақсатты университеттерде оқу жоспарларын бейімдеу және оларды апробацияға дайындау.
Спутниктердің зертханалары мен жердегі станцияларын, компьютерлік сыныптарды,координациялық-технологиялық бюроларды құруға арналған техникалық құжаттарды дайындау.
Студенттердің, оқытушылардың, әкімшілік қызметкерлердің мақсатты топтарын ұйымдастыру.
Студенттерді, оқытушыларды, әкімшілік қызметкерлерді ЕО-қа сапар шегуше іріктеп алу және дайындау.
Тәжірибемен алмасу және үйрену мақсатымен ЕО университеттеріне, консорциум мүшелері болып келетін мекемелердің әкімшілік қызметкерлерінің жол жүруі.
Жобаның интернет парағын құру.

Жобаның екінші жылы

Мақсатты университеттерде жаңа оқу жоспарларан бекіту.

Жаңа оқу жоспарларының сапасын тестілеу мақсатында EU Университеттерінде адам саны аз студенттік топтарда қысқаша интенсивті курс жүргізу.

EU Университеттерінде оқытушылардың кәсіптік деңгейін жоғарылату
«Кері байланыс» нәтижелері бойынша оқу жоспарларын түзету (қажет болған жағдайда).

Жаңа құрал-жабдықтарды, оқу әдебиеттерін, бағдарламалық қамтамасыздандыруғы лицензияларды сатып алу.
Спутник жасауға арналған жаңа зертханалар мен жердегі станцияларды, компьютерлік сыныптарды, мақсатты университеттердегі координациялық-технологиялық бюроларды құру, іске қосу және тестілеу.
Мақсатты университеттерде ЕО университеттерінің оқытушыларының көрсеткіштік мастер-класстарын өткізу.
Мақсатты университеттерде, студенттерге жаңа оқу жоспарлары бойынша бастапқы білім беруді қолға алу.

Жобаның үшінші жылы

Студенттерге жаңа оқу жоспарлары бойынша бастапқы білім беру және мақсатты университеттерде жаңа зертханаларды, компьютерлік сыныптарды және КТ бюроларды бастапқы қолдану.
Жаңа оқу жоспарларын ұлттық деңгейде сертификациялау.
Консорциум құрамына кіретін университеттер мен мекемелер арасында одан арғы әрекет жасау және жоба нәтижелерін дамыту жайлы меморандумды дайындау және қол қою.
Жоба аудиты

Жобаның уақытылы шаралары

Жобаның интернет парағының жаңартылуы
Жобаның нәтижелерін кеңінен тарату, мониторинг жасау және жобаның сапалылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілетін іс шаралар мен ақпараттық конференциялар.
Студенттердің қатысуымен болатын кері байланыстың сараптамасы (сұрақ-жауап, анкеттеу, талқылау, конференциялар).
Жобаның нәтижелері мен белсенділіктерін жариялау.
Координациалық/әкімшілік кездесулер/кеңестер.
Жобаның сапасының, тәуелсіз жеке сарапшымен бағалануы.